Сағат ауыстыру ҚР үкіметінің 2000-жылғы 23-қарашадағы "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Баспасөз қызметінің түсініктемсіне сәйкес, 31-қазан күні түргі сағат 3 -те сағат тілін бір сағатқа кері шегеру қажет. Ал Қостанай және Қызылорда облыстарында сағат өзгертілмейді.