Қазақстан – Қытай шекарасы жабылады

Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  Халық Үніне сілтеме жасап. 

Мерекеге байланысты  7 және 9 мамырда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтарды, көлік пен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, – делінген ақпаратта.

Соған байланысты комитет тасымалдаушылардан енгізілген шектеулерді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.