Қазақстан Қытайда өндірілген құрғақ сүт пен балалар тағамын сатуға уақытша тыйым салды - газет

Басылымның мәліметінше, "тыйым санитарлық дәрігерлер сүт қоспаларында меламин жоқтығына көз жеткізгенге дейін жалғасады".

Қазақстанның бс санитарлық дәрігері Анатолий Белоногтың айтуынша, "Қазақстанда балаларды тамақтандыруға арналған Қытайда өндірілген төрт қоспа тіркелген". "Мен Қытайда өндірілген "Санти-груп" компаниясының балаларға арналған сүт қоспасына тыйым салдым. Қытайда өндірілген барлық сүт өнімдерін, соның ішінде тек балаларға ғана емес, сонымен бірге ересектерге арналған сүт өнімдерінен де бас тарта тұруға бұйрық бердім. Бірақ біз балаларды тамақтандыруға арналған барлық қоспаларды тексеріп шығуға тиіспіз. Біз балаларға арналған басқа қоспалардың құрамында меламин бар ма, жоқ па дегенді тексеруіміз керек", -деп мәлімдеді ол.