деп хабарлайды sports.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер үш күміс және үш қола медальға ие болған.
Жалпы командалық есеп бойынша 75 алтын, 39 күміс және 31 қола медаль иеленген жарыс иелері, яғни Қытай командасы топ жарды. 42 алтын, 45 күміс және 45 қола жүлдемен Ресей құрамасы екінші орынға шықты. Ал 27 алтын, 20 күміс және 30 қола медаль жеңіп алған Оңтүстік Корея құрамасы үшінші орынды еншіледі.
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен 26-шы Бүкіләлемдік жазғы Универсиадаға 150 елден оң мыңнан астам спортшы қатысқан. Жарыстар спорттың 26 түрі бойынша өтіп, онда 306 жүлде сарапқа салынды.