Қазақстан Қытайдан кейбір жемісті алып келуді уақытша тоқтатты

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде "карантиндік объектілердің" жүйелі түрде анықталуы негіз болды. Фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР-ның бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдады, - делінген хабарламада.

ҚХР карантиндік қызметі ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды.


Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта орын алған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады.