Қазақстан Қытайға электр қуатын жеткізуді ұсынуда

Е.Досаев ҚХР Қаржы министріне Қазақстанда елдің солтүстік шығысында электр қуаты мол екенін мәлімдеген.

«Біз елдің шығысы арқылы Қытайға электр қуатын жөнелту мәселесін қарастыра аламыз. Қазақстан бүгінгі таңда артық электр қуатын Ресейге жібереді, бірақ еліміздің қуаттылығы мұнан да көп мөлшерді экспорттауға мүмкіндік береді», - дейді Е.Досаев.