Қазақстан Қытайға қайырымдылық көмек жолдады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мамырдың 24 мен 26 аралығында Қазақстаннан теміржолмен қайырымдылық көмек жүгі тиелген 19 вагон жөнелтілді. Жүк Ганьсу провинциясының Тяньшуй станциясына ресми түрде 30 мамыр мен 3 маусым аралығында жеткізіледі.

Қайырымдылық көмек жүгінде төсек жабдықтары, 40 орынды қысқы шатырлар, киімдер, ет консервілері мен медициналық "трамадол" препараты бар.