Қазақстан -Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда өтеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 4 - 8 ақпанында Орынборда мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

"Шекара шегін белгілеуге қатысты процесті реттейтін бірқатар құжаттардың жобасы талқыланды, сондай-ақ, шекаралық белгілерді орналастыратын орынды айқындауға қатысты жұмыстар жалғасты", - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.