Қазақстан, Ресей мен Беларусь премьерлері Мәскеуде бас қосып, еуразиялық ықпалдастық мәселелерін талқылайды

Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Кездесуде еуразиялық ықпалдастық мәселелері сөз болады, деді ол сейсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.