ТДХ ақпаратына сүйенсек, кездесуге Қазақстанның "ҚазМұнайГаз" компаниясының, Ресейдің "Газпром" ААҚ және "Түркіменгаз" мемлекеттік концернінің басшылары қатысқан. Отырыс барысында ой-пікірлер алмасылды. Оның аясында тараптардың әрқайсысы барлық қарастырылып отырған мәселелер бойынша ұстанымдарды әрі қарай келісуге бағытталған ұсыныстарды таныстырды.