Қазақстан, Ресей және Австралияның әнші балалары «Astana Piano Passion» фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсетеді


Бұдан басқа, фестиваль-байқаудың ашылуында өткен жылғы байқаудың ең кішкентай жеңімпаздары Варвара Кутузова (Ресей), Шуан Эрн Ли (Австралия) және Санжарәлі Көпбаев (Қазақстан) өз өнерлерін көрсетеді. Байқаудың кіші тобындағы 10 жасар шеберлер көрермендердің көз айымына айналып және қазылар алқасы мүшелерін таң қалдырғаны сонша, байқаудың Ұйымдастыру комитеті дарынды балаларды Астана қаласында өтетін классикалық музыка фестивалінің ашылуында өнер көрсетуге шакыру жөнінде шешім қабылдады. 
Жас таланттар Астана қаласының жұртшылығына қазірден бастап дайындап жатқан арнайы бағдарламасын ойнайтын болады. Бірақ олардың қандай шығармаларды орындайтыны сәл кейінірек белгілі болмақ. Әзірге балалар Қазақстан мен бар Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты балаларды "Astana Piano Passion" байқауының іріктеу кезеңіне қатысуға шақыруда. Өтінімдерді қабылдау 2014 жылдың 15 наурызына дейін созылмақ. Байқау ережелері жайлы толық ақпараттарды http://astana-app.kz/ru/ арнайы сайтынан біле аласыздар.
Жас пианистер байқауының барлық қатысушыларының тыңдауы мен қонақтардың өнері байқаудың сайтында он-лайнда тікелей көрсетілмек.