Қазақстан, Ресей және Беларусь сәулет саласында ынтымақтасатын болды

Ресей құрылысшыларының ұлттық бірлестігі (НОСТРОЙ) және «Белстройцентр» республикалық инженерлік унитарлық кәсіпорны сәулет, құрылыс және кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Тараптар алдағы уақытта үш мемлекеттің экономикалық кеңістігінде құрылысшылардың келісісіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретін шешімдерге қол жеткізуге тырысатын туралы келісімге келді», - деді НОСТРОЙ президенті Николай Кутьин.


Келісім Ресей, Қазақстан мен Беларусьтің өзара ынтымақтастығына бағытталған. Мақсат - сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі туралы заңды, техникалық реттеу жүйесін, бағаны бекіту мен кадрларды даярлау жұмысын жетілдіру.