Қазақстан, Ресей және Украина президенттері экономика саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады

Мемлекет басшылары Ресейдің Украинамен қоса бүкіл ТМД елдерімен өзара сауда-саттықта мұнай мен газдан шикізат жіберілетін елдің принциптері бойынша жанама салық салуға ден қою туралы шешім қабылдауына байланысты экономика саласындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұл шешім Достастық шеңберіндегі интеграциялық құбылыстарды нығайтуға, Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру ісінде ілгерілеушілікке қол жеткізуге түрткі болатыны айтылды.

Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру мәселесін президенттер Қазақстанда 2004-жылдың қыркүйек айында өтетін кездесуі барысында егжей-тегжейлі талқыламақшы.