«Жыныстық негіздегі қылмыстары үшін 24 жылға сотталған сексуалды маньякты Ресейден Қазақстанға экстрадициялаудан бас тарттық», - деп мәжілістің сәрсенбідегі жалпы отырысында Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.
«Біз оның Қазақстан аумағында жазасын өтеуі және мерзімі аяқталғаннан кейін бостандыққа шығуы ұлттық мүддемізге қайшы келеді деп таптық», - деді ол.
Алайда И.Меркель бұл іске қатысты нақты мәлімет беруден бас тартты. «Бұл жабық процесс, сондықтан оған қатысты пікір білдіре алмаймын», - деді ол журналистерге.