"Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберді ме?": Қазақстан ұшағы туралы украиндар таратқан ақпарат қаншалықты рас

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

- Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберді ме?, деп жазды Ержан Әбдіраман фейсбук желісіндегі парақшасында. 

"Украиндар жіберді деп жатыр. Ресей әскерінің орналасуы туралы спутниктік ақпарат жинаумен айналысатын еріктілер командасы Twitter-де жариялаған мәлімет. Рейс нөмірі - RSB7606.
Жазбаны украин тілінен гугл арқылы аударып көруге болады.
Қазақстан өкіметі бұл ақпаратқа қатысты түсіндірме беруі керек қалай ойлайсыздар?, деп жазды. 

Аталған постың астына Манас Қайыртайұлы:  "Әскери-транспорттық ұшақ дегенге кішігірім фактчек. RSB7606 рейс нөмірімен ұшқан ұшақтың борт нөмірі EW-567TH. Бұл ИЛ-76 ұшағы әскери-транспорттық ұшақ емес. "РубиСтар" деген әуе жүк тасымалымен айналысатын компанияға тіркелген. Radarbox сайтының дерегі бойынша осылай" деп пікір қалдырды.

 "Мына ақпар рас болса масқара-ғой.Қазақстанды бүкіл елге, қарабет етіп таныту! Берік Уәли 1-ші қолбасшы ретінде, президент жауап берер деген үміттемін. Болмаса, 6-март күні алаңға шығу керек!", "Еріктілер, (өкімет емес) гуманитарық көмек жіберді.... ал әскери көмек туралы ресми ақпарат жоқ", деп жазды оқырмандар.