Қазақстан Ресейге экономикалық ынтымақтастық жайындағы ұзақ мерзімдік келісімді дайындауды ұсынды - Назарбаев

"Біз Ресей жағына елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығы және интеграциясы туралы ұзақ мерзімдік келісімді дайындауға ұсыныс жасадық", - деді Н. Назарбаев.

"Бұл маңызды құжат. Өйткені, біздің экономикаларымыздың даму деңгейі бізге жаңаша ойлауға және жаңаша әрекет етуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының президенті.