Қазақстан Ресейге қатысты санкциядан зардап шекпейді – Назарбаев

Президент Гаагада саммит қорытындысы бойынша өткен қысқаша баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, дейді кеше мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Н.Назарбаев ресейлік экономикадағы жағдайдың нашарлауы Қазақстанның экономикасына да ықпал етеді.

Президент қазіргі әлемнің көп полярлығы шешімдер қабылдауда тиісті форматты талап ететініне назар аударды.

"G-8 және G20 экономикалық дағдарыс мәселесін де, саяси дағдарысты да шешкен жоқ. Сондықтан бұл жағдайда 190 ел интерактивті қатысатын G-Global бастамасының маңызы зор. Планета елдерінің барынша пікірін ескеру қажет. Бұл жағдайда G-Global алаңы өте өзекті бола түсуде», дейді президент.