Қазақстан Ресейге зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесін пайдалану үшін Балқаш торабын береді


Қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары және оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Келісім Қазақстанның аумағында орналасқан Балқаш торабын Ресейге беру шарттарын, сондай-ақ оны одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.

Сонымен қатар, құжатқа сәйкес Балқаш торабы Қазақстанның меншігі болып қала береді, ал ол жылжымайтын және жылжымалы мүліктен және Балқаш торабының инфрақұрылымы орналасқан жер учаскелерінен тұрады. Бұл ретте инфрақұрылым мен жер учаскелері Ресейге тек нысаналы мақсатта пайдалануға беріледі. Ресей тарапы Қазақстанның мемлекеттік және әскери басқару пункттеріне зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесінен және ғарыш кеңістігін бақылау жүйесінен ақпараттар береді. Ресей Балқаш торабының жер учаскелерін Тараптардың немесе үшінші елдердің өзге де жеке және заңды тұлғаларына пайдалануға бере алмайды. Келісім тоқтатылғаннан кейін Балқаш торабы келісімде көрсетілген шарттар мен мерзімдер бойынша Қазақстан Тарапына берілетін болады.