Бұрын "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы қызметін 2006 жылдың сәуірінде мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың бұйрығымен телерадиокампанияның басшысы лауазымына тағайындалған Нұртілеу Иманғалиұлы атқарған болатын.
Д.Әбдіхамитов жаңа тағайындауға дейін "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.
Телеарнаның ақпараттарына сүйенсек, бұрынғы басшы Нұртілеу Иманғалиұлы қазіргі уақытта жаңа тағайындауды күтуде. "Оның лауазымы Жаңа жылдан кейін белгілі болады",- деп нақтылап өтті телеарнадағылар.