Әңгіме барысында елші Қайрат Лама Шариф Қазақстан жағы сауд бизнесінің еліміздің өңдеуші өнеркәсібі саласына озық технологияларлы тарта отырып, белсендірек қатысуын қалайтынын айтты.
Тараптар бұл мақсаттарға жетудегі ең ұтымды жол деп Астанада көктемде өтеді деп жоспарланған Қазақстан - Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің екінші мәжілісін атады.
Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда-өнеркәсіптік палаталар Кеңесінің құрамында 21 аймақтық сауда-өнеркәсіптік палата мен Корольдіктегі 168 мың компания мен фирмалар кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті