Қазақстан республиканың шешуші қызмет көрсету салаларына келетін компаниялардың заңды тұлға құру талабын қорғап отыр - Айтжанова

"Қазақстанның қызмет көрсету рыногына қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты міндеттемесі қаржылық және телекоммуникациялық қызмет секторларын одан әрі кезең-кезеңмен либерализациялау және Қазақстан нарығына қызмет көрсетуге келген компаниялар үшін ғана шетелдік кәсіби білікті мамандар мен менеджерлерді шақыру шарттарын ырықсыздандыруды көздейді", - деді ол.

"Бұл орайда Қазақстан бір компания шеңберінде шетелдік мамандар мен менеджерлер санын 50 пайызбен шектеуді талап етуде, бұл еңбек нарығын қорғау мен елдің өз мамандарының әлеуетін дамытуға септігін тигізеді", - деді вице-министр.