"Үкімет бізден бұл үлесті түгелдей сатып алуды әлі де талап етіп отыр. Біз де оны жүзеге асыра аламыз дегенге сенеміз",- деді ол. Осы орайда ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің айтуынша, "бұл жерде бүкіл үлесті емес, оның бір бөлігін сатып алу туралы әңгіме болуы мүмкін". "Бұл шараны жүзеге асырудың түрлі қаржылық тетіктері бар, біз ондай шараларды жаппай қарастырып жатырмыз. Меніңше, экономикалық тұрғыдан ең тиімдісін таңдай алатын шығармыз",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлыбританияның BG тобы Қашаған жобасындағы 16,67 проценттік өз үлесін сатуға ниет білдіріп, оны жобаға қатысушы италиялық Eni, Ұлыбритания мен Голландия біріккен Royal Dutch/Shell, францияның Total, американдық Exxon Mobil және ConocoPhillips, сондай-ақ, жапониялық Inpex компанияларға қылдай бөліп беруге ұсыныс жасаған. Өз кезегінде Қазақстан үкіметі BG акцияларының қоржынын толық сатып алуға құлық танытты.
Қашаған кенішін игеру жобасының операторы болып табылатын Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді (1,5 млрд. тонна) құрайды. Agip KCO Қашаған кенішінде өнеркәсіптік мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға межелеп отыр.