"Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауын өткізуге 2008 жылы "Мемлекеттік бюджет туралы" заңда 134 млн 963 мың теңге қарастырылған", -делінген ОСК таратқан баспасөз баянында.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың брифингте берген түсініктемесіне сәйкес, "сайлау заңнамасына сәйкес, парламент сенатының депутаттығынан үміткерге сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізу мен көлік шығындарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді".
Сонымен бірге, "әрбір үміткер жалпы қаржы көлемі 8 млн 417 мың 500 теңгені құрайтын сайлау қорын құра алады". "Үміткерлер үшін сайлау жарнамасы 180 мың 375 теңгені құрайды", - деді Қ.Тұрғанқұлов.
"Сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты мәселелер бойынша Қаржы министрлігі мен қазынашылық мекеменің шұғыл әрекет етуі қажет", - деді ол.