Caravan Logo

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы мен Грузия елшісі Кавказдағы ахуалды талқылады

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы мен Грузия елшісі Кавказдағы ахуалды талқылады

Дидарласушылар Грузия төңірегіндегі оқиғаларды талқылады. Төраға Қ.Тоқаев Қазақстан Ресеймен одақтастық тұрғыда және Грузиямен өзара достық қарым-қатынаста екенін, кавказ аймағының осы бөлігіндегі ахуалдың бір қалыпқа түсуіне шынайы тілектестігін атап өтті.

Қ.Тоқаев президент Н.Назарбаевтың осы жанжалға қатысты айтқандарын келтіре отырып Еуропалық Одақ пен Ресейдің келісімдерін қолдау туралы ойларын ортаға салды. Оның айтуынша, бұл келісімдерді орындау Грузияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Кездесу барысында елші З.Шургаия өз еліндегі әскери қақтығысқа қатысты тең тұрғыдағы, салмақты бағыты үшін Президент Н.Назарбаевқа алғыс айтып, Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдірді.