Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Оқытушы болып және мемлекеттік емес құрылымдарда жұмыс істеген. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ басқарма төрағасы, одан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

2004 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.