Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі құрылымының өзгеруіне байланысты мемлекет басшысының өкімімен:
Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы - Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі; Донақов Талғат Советбекұлы - Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі; Жақыпов Мірболат Хабиұлы - Құжаттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі; Қанаев Серікжан Зияданұлы - Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр бөлімінің меңгерушісі; Карин Ерлан Тынымбайұлы - Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; Муқанов Мақсат Нұрдаулетұлы - Стратегиялық ізденістер және талдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.