Қазақстан Республикасы президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

Өкім мәтінінде атап көрсетілгеніндей, "Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясы 2008 жылғы 23 қазанда Астана қаласында мынадай күн тәртібімен шақырылсын: "Елдің қуаты - халықтың бірлігінде".

Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдасын, делінген құжатта.