Қазақстан Республикасы президенті жанындағы азаматтық беру мәселелері жөніндегі Комиссиясының отырысы өтті

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, материалдарды қарау негізінде комиссия әр елден келген 28 мың адамға Қазақстан азаматтығын беру туралы мемлекет басшысына ұсыныс енгізді.

Комиссия төрағасы Қ. Саудабаев атап өткеніндей, "мемлекет тәуелсіздік алғалы ТМД мен алыс шетелден келген жарты миллион адамға Қазақстан азаматтығы берілді. Түрлі мемлекеттерден келіп Қазақстан азаматтығын алуға ниет танытып жатқан адамдар санының жылдан жылға өсуі- президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен тәуелсіздік жылдары елімізде қол жеткізілген әлеуметтік экономикалық, қоғамдық саяси жетістіктер, әлем бойынша біздегі тұрақтылық пен татулықты мойындаудың тағы да бір айғағы болса керек. Жаңа қазақстандықтардың бұл қадамы олардың осы жерде өздері мен балалары үшін лайықты бақытты өмір сүретініне сенімділігінің дәлел".

"Наурыз мейрамы қарсаңында біз Қазақстанның жаңа азаматтарына бақыт, ырыс, жаңа Отанында жемісті жұмыс жасауына із ниет білдіреміз. Енді тиісті органдардың міндеті-олардың тез бейімделу мәселесін шұғыл шешу ", - деп атап өтті мемлекеттік хатшы отырыс барысында.