"Мемлекет басшысының өкімімен Сейітжан Диханбайұлы Шалабаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі құқық қорғау жүйелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.