Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігінің басшысы мен президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімдерімен Бақытжан Жарылқасымұлы Әбдірайымов Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды;

Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті