Қазақстан қаржы полициясы Елбасының 1994-жылғы 6-маусымдағы жарлығымен құрылған. Алайда қаржы полициясының мекемелері тек 1998-жылдан бастап қана дербес жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Өйткені бұл жылы әртүрлі құқық қорғау органдарының құзырет аясы нақты белгіленген ҚР-ның жаңа Қылмыстық Кодексі қабылданды.
Агенттік ақпаратына жүгінсек, 1998-2003 жылдар аралығында экономика саласында тіркелген қылмыстар саны 5 есе өскен. Экономика саласындағы ірі қылмыстық оқиғалардың ашылу деңгейі оншақты есе артты.
Банкроттыққа ұшырату барысында заңсыздыққа жол беру қылмыстарының ашылу көрсеткіші 49 есе, қаржы және мүлікті легализациялау фактісін әшкерелеу -40 есе, қаржының шетелдерден кері қайтпай қалу фактісін әшкерелеу көрсеткіші 29 есе, жалған кәсіпкерлік фактісін әшкерелеу көрсеткіші- 22 есе, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін бұзу көрінісін әшкерелеу деңгейі - 18 есе, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысуды әшкерелеу көрсеткіші 13 есе, несиені мақсаттан тыс пайдалану қылмыстарының ашылу көрсеткіші 12 есе, экономикалық контрабанданы әшкерелеу көрсеткіші 7 есе, жасанды ақша жасау және салықтан бұлтару қылмыстарының ашылу деңгейі 5 есе артқан.
2002-жылы барлық экономикалық қылмыстардың 60 процентіне тосқауыл қойылды.
Сондай-ақ, Агенттік мәліметі бойынша, 2002-жылы қаржы полициясы мекемелерінің мардымсыз қылмыстарды тіркеу көрсеткіші 36 проценттен 15-20 процентке дейін азайған.
2002-жылы әшкереленген 1 қылмыстың үлесіне орта есеппен 1,3 млн. теңге шығыннан келді.