Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін реттеу мәселелері бойынша үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізілді



Атап айтсақ, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен осында болу, сондай-ақ, республика аумағынан шығу тәртіптерінің 9-шы бөлімінің 2-ші қайырмасы мынадай сөздермен толықтырылды: "егер Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы келісім-шарттарында басқаша жайттар қарастырылмаған жағдайда рұқсат берудің белгіленген реті күшіне енгенге дейін".

Қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.