Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, республика аумағында барлығы 2 кісі өлтіру қылмысы жасалып, полицейлер олардың ізін суытпай ашқан, сондай-ақ 36 тонау, 136 ұрлық және 30 есірткі қылмыстары жасалған. Құқық қорғау органдарында қарақшылық шабуыл қылмыстары тіркелмеген.
Сонымен қатар, республикамызда 231 оқиға, оның ішінде 48 жол көлік оқиғасы тіркелген, оқиғалар салдарынан 8 адам қайтыс болып, 64-і жарақат алған. Республикамызда бір тәулік ішінде 24 өрт шығып, 2 адам тілсіз жаудың құрбаны болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті