Э. Макли айтқанындай, жақын уақытта компания Шымкентен 35 шақырым жерде жаңа цемент зауыты құрылысын бастайды, жаңа зауытта цемент шығарылады, ал "өнімді сату және оны қаптарға салу жұмыстары ескі зауытта жасалатын болады. Осында жаңа зауыттан клинкер жеткізіліп отырады". Жоспарланып отырған кәсіпорын мен ескі Шымкент зауыты теміржол тармағымен жалғастырылатын болады.
И. Әбішев Қазақстанның экономикалық өсім қарқынының төмендеп бара жатқандығы кәсіпорын басшылығын алаңдатып, кейін олар осы құрылыс жоспарларын өзгертпей ме деген сауал қойды.
Э. Макли айтқанындай Italcementi Group компаниясының мүддесі мен сұранысы олар үшін аса маңызды және басымды. "Біз ҚР жағдайына көңіл бөлеміз, бірақ біздің тұтынушылардың мүддесіне көп назар аударамыз. Жақын болашақта Italcementi Group компаниясының экономикалық жағдайы жақсарады", - деді Э. Макли.
Шымкентцемент"АҚ бас директоры атап өткеніндей, ол Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері күрт төмендеді деп есептемейді. "Біздің маркетологтардың мәліметтері бойынша биылғы жылы біздің өнімге деген сұраныс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 80 % құрады ", - деді Э. Макли. Ол еске салғанындай, статистикалық мәліметтер бойынша өткен жылы бес қазақ зауытында өндірілген өнім көлемі Қазақстанның цементке деген ішкі сұранысын 60 пайызға қанағаттандырды, ал 40 % импорттық өнім құрады.
"Менің пікірімше, биылғы жылы отандық кәсіпорындар импорттық өнімдерді тартпай -ақ, ішкі нарықты өздері қанағаттандыра алатын болады ", - деді Э. Макли.