Қазақстан Республикасында өткен аптада 207 есірткі қылмысы әшкереленді

"207 есірткі қылмысы анықталып, оның 70 есірткі саудасына байланысты болды", деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

ІІМ есірткімен күрес жөніндегі комитетінің қызметкерлері және Павлодар облысының ІІД шұғыл әрекет ету отряды бір азаматшадан 4,5 келі героин тәркіледі ". Қарағандының шетінде 26 мамырда Алматы-Астана тас жолында Ресей жаққа бағыт алып, Өзбекстанның 68 азаматы отырған автобуста 4,068 келі героин салынған дорба тәркіленді", - деп атап өтті ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл іске қатысты Өзбекстанның үш азаматы құрықталып, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.