Қазақстан Республикасындағы Израиль елшісі Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Облыс топырағына аяғы тие сала Израиль елшісі "Тамшылық суландыру" жобасы жүзеге асырылып жатқан "Раушан" шаруа қожалығында болып жағдаймен танысты. Жобаға Израильдің "Машав" қоры жетекшілік етеді. Сондай-ақ, М.Камхи тағы да осы "Машав" қоры басқаратын "Жылыжайда өсетін көкөністерді суару және қоректендіру" атты жоба жүзеге асырылып жатқан "Шымкент сырасы" ААҚ-ның жылыжайында болды.

Ал түстен кейін дипломат "Содби бизнес инкубаторы" корпоративтік қорында болып, Оңтүстік Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен жүздеседі. Сондай-ақ, М.Камхи облыс әкімі Болат Жылқышиевпен кездеседі деп күтілуде.
Кешкісін Израиль елшісі Алматыға келеді.