Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кіріс туралы ақпараттардың ашықтығы демократиялық дамудың маңызды факторларының бірі - Сорос-Қазақстан қорының басшылығы

Д.Зитектің айтуынша, "өкінішке орай, Қазақстан үкіметі жауапты қадамға бара алмай, мұнай-газ компанияларымен арадағы келісімдердің шарттары туралы ақпараттарды жария ете алмай отыр".

"Алайда, жеке ашықтықтың өзі бүкіл проблеманың шешімі болып табылмайды. Қазақстан үшін мемлекеттік кірістерді таратып бөлу процессін қоғам тарапынан тиімді қадағалауға жағдай жасау қажет. Қоғамды сол кірістің өзін қалыптастыру проблемасына қатыстырудың маңызы зор",- деді Д.Зитек.
"Қазіргі жағдаймен Қазақстан парламенті мемлекеттік бюджетке толыққанды бақылау қоя алмайды. Бұған дәлел ретінде ҚР Ұлттық қорына салық төлеушілердің тізімінен ел экономикасының шикізат секторында жұмыс істейтін сегіз ірі компанияның шығарылуын атауға болады",- деді ол.
"Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім шарттары ҚР парламенті депутаттарының өзі үшін де жабық ақпарат ретінде қалып отыр. Соған байланысты табиғи ресурстарды пайдаланудан елдің үлесіне тиетін кіріс мөлшері әділетті ме дегенді тәжірибе жүзінде айқындау мүмкін болмай отыр",- деді Д.Зитек.