Қазақстан Республикасының алғашқы көлік министрі теміржолшыларға арналған жаңа кітап шығарды

Кітапта автор, вагон шаруашылығы - теміржол құрылымындағы басқы шаруашылықтардың бірі екендігін айтады. Онда аталмыш құрылымның дамуына еңбек сіңірген вагон шаруашылығындағы адамдар мен істердің өткені мен бүгіні туралы жазылған. Бұл - нақты вагон шаруашылығы мамандарына арнап шығарылған алғашқы кітап.

Басылым үшін деректерді Н.Есенғарин бір жылдан астам уақыт жинады. Автордың пікірінше, кітап студенттер мен қатысушыларға ғана арналмаған, ол сондай-ақ теміржол көліктерінің қызметі қызықтыратын адамдар үшін де жақсы әдебиет.

Нығметжан Есенғарин - Еуразия халықаралық экономикалық академиясы мен Халықаралық көлік академиясының мүшесі. ҚР Журналистер одағының мүшесі. 20 кітаптың авторы, көптеген мемлекеттердің баспасөз беттерінде жарық көрген 400-ден астам мақаланың авторы. 30 жылдан астам уақыт бойы теміржол саласында қызмет етті.