Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының жай-күйі туралы

Зерттеу нәтижелері бойынша аудан орталығы болып табылатын, облыс орталықтары әкімшіліктерінің тікелей қарамағындағы 124 ауылдық елді мекен облыс орталықтарынан әлдеқайда алыс жатыр, 81 ауылдық елді мекен, немесе 65,3 проценті 60-тан астам шақырым алшақтықта.

Ауыл (село) округтерінің, ауылдардың (селолардың), сондай-ақ тікелей аудан орталықтарының қарамағындағы селолардың 2214 әкімшілік орталықтары ішінен 18,2% ауылдық елді мекен аудан орталықтарынан 20 км-ге дейінгі қашықтықта, 43,0% - 20 және 60 шақырымға дейінгі, ал 38,8% - 60 шақырымнан артық қашықтықта орналасқан.
5009 ауылдық елді мекен үшін ауыл (село) округтарының, кент әкімшіліктерінің орталықтары оларға ең жақын әкімшілік-аумақтық орган болып табылады, олардың 70,7% ауылдық елді мекені 20 шақырым қашықтықта, ал 26,0%-ы 20 және 60 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан. Округ орталықтарынан 60 және одан көп қашықтықта орналасқан ауылдық елді мекендердің саны 219-дан 164-ке дейін азайды.
Сонымен қатар, ауылдық елді мекендер үшін темір жол стансаларынан өте алыс орналасу да тән құбылыс. Республиканың 39,9% ауылдық елді мекені темір жол стансаларынан 60 шақырымнан артық қашықтықта орналасқан.