"Біз ұсыныс енгіздік, мемлекеттік органдармен келістік және бүгінгі күні мамандық талаптарға сәйкес қысқы жұмыс көлемін көтере алмау энергетикадағы қызметтің лицензиялық түрлері бойынша мамандық талаптарды орындамау болып табылатын өзгерістерді үкіметке енгіздік. Бұл, заңнамаға сәйкес, лицензия күшін тоқтатуға, кейіннен қайтарып алуға себепкер", - деді М. Рамазанов.
Оның айтуы бойынша, комитетті бұл қадамға баруға жылу маусымы кезінде энергетика секторының кәсіпорындарының дайындық деңгейінің мамандық талаптарына сай келмеу оқиғаларының өсуі себеп болған. "Өткен жылы біздің талаптарға сай емес кәсіпорынды тіркедік. Олар жылу маусымына дайындық құжатын алған жоқ. Мұндайда, дайындық құжатын алмады, не өзгерді, ол қыс бойы ойдағыдай жұмыс істеп шықты ғой деген заңды сұрақ тууы мүмкін", - деді комитет төрағасы.
"Мұндай талап қабылдау мемлекеттің реттеу қызметін күшейтеді. Себебі, біз ұзақ уақыт бойы нарық өзін-өзі реттейді деп санап келгенбіз. Алайда, бұл жағдай болып жатқан жоқ", - деп атап өтті М. Рамазанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті