Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

Өзінің жұмыс сапары бағдарламасының бірінші күнінде Ғ. Оразбақов облыс әкімшілігінде Ақтаудың бюджеттік саласы мен жуықта құрылған Мұнайлы ауданының қызметкерлерімен кездесіп, "Маңғыстаумұна йгаз" мұнай өндіруші компаниясының қызметкерлерімен әңгімелесті.

Бүгін, 1-қарашада облыстың "Қазатомпром" ЖШС, Каспий жағалауындағы машина жасау зауыты, "Каспиан Сталь" металлургиялық зауыты сияқты бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесу жоспарланған.

Сондай-ақ министр "Ақтау Теңіз айлағы" арнайы экономикалық аймағының қызметкерлерімен кездеседі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті