"Кедендік бақылау комитетінің төрағасы мен "ҚТЖ" ҰК АҚ президенті кездесіп, онда еліміз үшін аса өзекті мәселелердің бірі - вагондардың тұрып қалу мәселесі талқыланды. Осыған байланысты тіпті Кедендік кодекске түзетулер енгізіп, осы процедураларды қаарстыру ұсынылып отыр. Өйткені, вагондардың тұрып қалғаны үшін салынатын айыппұлдар айналып келгенде сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысатындардың тауарлары мен қызметтерінің ақырғы бағасына әсерін тигізеді", - деді бекет басшысы.
Ол ағымдағы жылдың 13 тамызында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрығы мен "ҚТЖ ҰК" АҚ-ның теміржолда жаңа тариф енгізу туралы бұйрығы күшінен енген сәттен бері вагондардың тұрып қалғаны үшін салынатын айыппұл көлемі 10 есе артқанын еске салды.