"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның қабылдануына сәйкес, Конституциялық кеңес қаулылардың бір бөлігін жарамсыз деп танып, оларды өткеннің еншісіне қалдыруды қажет деп тапты", - деді Игорь Рогов. Сонымен бірге ол "бұл Конституциялық кеңес қабылдаған шешімдер түгелдей теріс болған және Конституциялық кеңес конституцияға қайшы деп тапқан заңдарды қайта қарау керек немесе конституцияға қайшы деп танылған заң немесе оның кейбір бөліктері енді өзінің заңдық күшіне енеді деген пікірді тудырмаса керек" екендігін атап өтті. "Бұрын қабылданған қаулылардың кері күші жоқ. Алайда, бұрын конституцияға қайшы деп танылған заңдар заңмен бекітілген процедураларды сақтай отырып қайта талқылауға жіберілуі мүмкін".
Бұрын хабарлағанымыздай, Конституциялық кеңесте барлығы 16 нормативтік қаулы қарастырылған. Олардың ішінде бесеуі жартылай күшін жойса, он бірі толығымен қабылданбады. Негізінен Ата заңның жаңа мәтінімен сай келмеген қаулылар күшін жойған. Ал жартылай күшін жойған нормативтік қаулыларға келер болсақ, олардың да Конституцияның жаңа мәтінімен кейбір бөлімдері сай болмағандықтан олардың күшін жоюға тура келген. "Мұндай бөлімдерді алып тастау қаулылардың жалпы ішкі мағынасына және мазмұнына еш әсерін тигізбейді", - деп хабарланған таратылған баспасөз баянында.
Атап айтқанда, хабарламада нақтыланғандай, тұтқындауға санкция беру және қамауда ұстау, мәжіліс депутаттарын сайлау үшін бір мандатты сайлау округтерін қалыптастыру, парламент депутаттарының өкілеттілігін тоқтату, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірігуіне қатысты Конституцияның бұрынғы баптарына ресми түсінік беру туралы кеңес шешімдері толығымен күшін жойды. Депутат мандатының тегеурінді талабына, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға тыйым салу және тағы да басқа мәселелерге қатысты бұрынғы редакциядағы Конституция нормаларын түсіндіретін қаулылардың дербес баптары күшін жойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті