Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 4 қазан күні, Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі жарлығына сәйкес, еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында сенат депутаттарының сайлауы болып өтті.
Аумақтық сайлау комиссиялары берген мәліметтерге қарағанда, дауыс беруге таңдаушылар тізіміне енгізілген 3310 мәслихат депутатының 3231-і, яғни 97,6 % қатысқан.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 213.
Дауыс беру 37 кандидатура бойынша жүргізілді.
Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары сайлаудың бастапқы нәтижелерін дауыс беру күні - 4 қазанда - шығарды.
Заң талаптары бойынша, дауыс беру қорытындылары жөніндегі хаттамаларды облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Ортсайлаукомға 6 қазаннан кешіктірмей тапсыруы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссияларының бастапқы мәліметтері бойынша, 2008 жылғы 4 қазан күні Қазақстан Республикасы парламенті сенатының 16 депутаты сайланды.
Барлық өңірлерде сайлаудың нәтижелері бірінші турда анықталды. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50% астамының дауысын алғандар:
Ақмола облысы бойынша Жалмағанбетова Светлана Жақияқызы, 230 дауыс (барлық дауыстардың 86%). Ақтөбе облысы бойынша Әміров Иран Әмірұлы, 190 дауыс (96% жуық). Алматы облысы бойынша Сүлейменов Нұрлан Илиясұлы, 299 дауыс (93%). Атырау облысы бойынша Енсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, 122 дауыс (97% жуық). Батыс Қазақстан облысы бойынша Мұқаев Ерболат Рахметұлы, 181 дауыс (94% жуық). Жамбыл облысы бойынша Савченко Александр Георгиевич, 134 дауыс (90% жуық). Маңғыстау облысы бойынша Бортник Михаил Михайлович, 105 дауыс (95% жуық). Қарағанды облысы бойынша Кубайчук Юрий Алексеевич, 277 дауыс (99% жуық). Қызылорда облысы бойынша Баймаханов Қожахмет, 138 дауыс (97%жуық). Қостанай облысы бойынша Валиев Хусаин Хасенұлы, 269 дауыс (93% жуық). Оңтүстік Қазақстаноблысы бойынша Рахманбердиев Орынбай, 134 дауыс (83% жуық). Павлодар облысы бойынша Жұмабаев Ермек Жианшыұлы, 178 дауыс (89% жуық). Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Башмаков Анатолий Афанасьевич, 174 дауыс (81% жуық). Шығыс Қазақстан облысы бойынша Плотников Сергей Викторович, 297 дауыс (95% жуық). Астана қаласы бойынша Омаров Қайсар Оспанұлы, 17 дауыс (68%). Алматы қаласы бойынша Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы, 25 дауыс (76% жуық).
Сайлау туралы Конституциялық заңға, Сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақтық қорытындыларын 10 қазаннан кешіктірмей шығаруы және бұл мәліметтерді 13 қазаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс.