Қазақстан Республикасының премьер-министрі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасарымен кездесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі даму мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі, сондай-ақ, аймақтық сипаттағы кейбір экономикалық мәселелер талқыланған.

"Кәрім Мәсімов Қазақстан АҚШ-ның Орта Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде толық құрамды, ашық және сындарлы серіктестік сипатындағы ынтымақтастық қағидаларын ұстануын жалғастыратынын атап өтті", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Э. Файгенбаум Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты берік, жан-жақты қатынастар ретінде бағалады. "Біз көптеген мәселелер бойынша, атап айтқанда, қауіпсіздік, экономика, инвестиция және көптеген өзге де салалар бойынша ынтымақтастықтамыз", - деді ол.

"Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қатынастардың дами түскендігін атай отырып, мұның болашақта да дами беретіндігіне сенім білдірді", - деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті