И. Әлиев пен К. Мәсімов терминалды қарап шығып, оны пайдалануға беру салтанатына қатысты. Өткізілген іс-шаралар аясында терминал 3 мың тонна көлеміндегі қазақстандық астық тиеген бірінші кемені қабылдады.
Бұрындары хабарлағанымыздай, терминалдың пайдаға толық берілуі үстіміздегі жылдың тамызына жоспарланған.
2007 жылдың ішінде терминалдың жанында диірмен құрылысын сала бастау жоспарлануда.
"Баку астық терминалы" ААҚ Әзербайжан - Қазақстанның біріккен кәсіпорны болып табылады. Ол Әзербайжанның "Планета Л" және Қазақстанның "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ қатысуымен құрылған. Терминал Говсаны ауылында орналасқан. Терминал салу туралы шешім Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевтің 2004 жылдың көктеміндегі Қазақстанға ресми сапары барысында қабылданған. Терминалдың іргетасы Бакуде 2006 жылдың 6-мамырында қаланды. Жобаның құны 6 млн АҚШ долларын құрайды. Әзербайжанның астыққа деген жылдық мұқтаждығы - 3 млн тоннадан асып жығылады, оның 1 млн-нан астамы импортталады.
Терминалдың қуаты жылына 500-ден 800 мың тоннаға дейінгі астықты құрайды. Қазақстаннан астық Ақтау айлағынан теңіз арқылы тасымалданады. Кәсіпорынның іс-қызметі тек Әзербайжанның астыққа деген мұқтаждығын қанағаттандырып қана қоймай, оны Грузия, Түркия және Солтүстік Африкаға экспорттауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті