Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қарағандыда болат радиаторлар өндірісі желісінің іске қосылуына қатысты

"Сантехпром" ЖШС-нің директоры Владимир Крючковтың хабарлағанындай, кәсіпорын айына осындай 5 мың өнім шығаратын болады.

ЖШС ТМД аумағындағы аса ірі санитарлық-техникалық мақсаттағы өнім өндіруші зауыттардың бірі болып саналады. Кәсіпорын өнімдері Қазақстанның барлық аймағына және ТМД елдеріне тасымалданады. ЖШС-тің өндіріс көлемі 2007 жылы 700 млн теңгені, негізгі капиталға салынған инвестиция 215 млн теңгені құраған.

Бұрын хабарлағанымыздай, премьер-министр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келген. Бағдарламада Қарағанды, Теміртау мен Абайдағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандармен танысу көзделген. Кәрім Мәсімов "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның прокат цехының құрылыс алаңына баруы межеленген. Бұған қоса Кәрім Мәсімов "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасында болып, жер астындағы өндірісті көреді.