Қазақстан Республикасының премьер-министрі Румыния сыртқы істер министрі Лазэр Комэнескумен кездесті

Әңгімелесушілер әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимыл мен қазақстан-румын ынтымақтастығын одан әрі дамытудағы ауқымды мәселелерді талқылады.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Румыния арасындағы экономиканың әр түрлі салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін үлкен әлеует бары атап өтілді.

Кездесудің соңында Кәрім Мәсімов экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуы қажеттілігі, оның екіжақты қарым-қатынастарға айтарлықтай қарқын беретіндігіне сенім білдірді.