Қазақстан Республикасының премьер-министрі ТМД мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысады

Е.Ашықбаевтың айтуынша, күн тәртібіне көпжақты ынтымақтастықтың кең спекторын қамтитын 25 сұрақтар кірді.

"Мәжіліс барысында, азаматтық авиацияның дамуы және ұшу қауыпсіздігін көтеру іс-шаралары, автомобилдік қызметтер нарығының даму басым бағыттары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономика саласындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін дамуына және жақсартуына бағытталған маңызды іс-шараларды жүзеге асыру жоспарын орындау барысы туралы мәселелер, сондай-ақ ТМД-ның шеңберіндегі тағы басқа көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады",- деді Е.Ашықбаев.

Кеңес барысында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, миграциялық үдерістерді реттеуге, кедендік рәсімдерді үйлестіруге, білім саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бір қатар келісімдерге қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті