Қазақстан Республикасының президенті мен АҚШ елшісі екіжақты қарым-қатынастардың жайы мен перспективасы талқылады

"Біз өтіп бара жатқан жыл ішіндегі екіжақты ынтымақтастықтың оң жетістіктері жөнінде және жаңа жылдағы өзара іс-қимылдың оңтайлы перспективалары туралы әңгімелестік",- деп хабарлады Д. Ордвей журналистерге кездесу аяқталғаннан кейін.

Оның айтуынша, ол мемлекет басшысына АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дейінгі кезеңнің ынтымақтастық жоспары туралы хатын табыс еткен. "Осы төрағалық табысты болуы үшін біз Қазақстанмен және осы Ұйымның басқа да мүшелерімен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, - деді Д.Ордвей журналистерге арналған брифингте.